ОҚО-да жаңа екі аудан пайда болады: Назарбаев Жарлыққа қол қойды

470

Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер енгізу туралы қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды  Tengrinews.kz.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында мынадай:

1) Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жетісай қаласында болатын Жетісай ауданы, әкімшілік орталығы Мырзакент кентінде болатын Мақтаарал ауданы;

2) Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Сарыағаш қаласында болатын Сарыағаш ауданы, әкімшілік орталығы Абай ауылында болатын Келес ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.