Дәрігерлер марқұм болған оқушы туралы мәлімдеме жасады

673
Фото Informburo.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған оқушы туралы мәлімдеме жасады. Салаға жауаптылардың айтуынша, марқұм болған жасөспірімнен қауіпті инфекция негізінде зертханалық материалдар тексерілуде.

ОҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі: «2018 жылғы 15 – маусымында сағат 06:25-те Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында «Болжамды менингит инфекциясы» диагнозымен 2000 жылы туылған науқас жансақтау бөліміне түсіп, сағат 07:05-те қайтыс болды. Науқасқа қойылған «Болжамды менингит инфекциясы» диагнозы негізінде алынған зертханалық материалдар зерттеліп, қорытынды диагноз қойылатын болады».

Шымкент қалалық білім бөлімінің мәлімдеуінше қайтыс болған оқушы үлгілі де озат оқушылардың қатарында болған. Толыққанды емес отбасынан шыққан.

Дәл қазіргі уақытта мектепте жаппай медициналық тексеру жүргізілуде. Қауіпті  инфекцияға байланысты оқушылар, мектеп ұжымы және ата-аналар тексеруден өткен. Оларға ауруға қарсы вакцина салынған.