«ҚазАвтоГаз» компаниясының клиенттері көлік ұтып алды

127

«ҚазАвтоГаз» ЖШС-і өз клиенттері арасында лотерея ұтыс ойынын өткізді. Бұл мекеме автокөліктерге газ құрылғысын орнатумен айналысады. Барлығы 200 сыйлықтар  ойнатылды. Бас жүлде «Дэу Нексия» көлігі болды.

«ҚазАвтоГаз» компаниясы үш жыл қатарынан үздіксіз лотерея ұтысын ойнатып келеді. Биылғы жылы көлігіне газ құрылғысын осы компаниядан орнатқандар ұтысқа қатыстырылды. Ұтыс ойынына барлығы 500 клиент қатысты. Бес жүздің жартысына жуығы үйіне сыйлығын құшақтап қайтты. Жеңімпаздарға тұрмыстық техника, ұялы телефондар мен басқа да қажетті бағалы заттар табысталды.

Бақытгүл Айдарова, «ҚазАвтоГаз» ЖШС-і сату бөлімінің жетекшісі: «Ұтыс ойындарын сәуір айынан бері өткізіп келеміз. Бұл жолы 200 сыйлық ойнатылды. Ұтысқа қатысу үшін біздің компанияға келіп автокөлігіңізге газ құрылғысын орнатуыңыз қажет. Сосын сізге лотерея билеті беріледі».

Бас жүлде «Дэу Нексия» автокөлігінің ойнатылуын қатысушылар тағатсыздана күтті. Тұрмысқа қажетті қысқа толқынды пеш ұтып алғандардың көңілі толмады. Өйткені, қайта қатысуға болмайды. Сөйтіп көпшіліктің көзқұрты болған су жаңа автокөлік Игорь Чистяковқа бұйырды. Екі ай бұрын ғана «Ваз 2114» көлігіне газ құрылғысын дәл осы компанияда орнатқан екен.

Игорь Чистяков, ұтыс жеңімпазы: «Мамыр айында көлігіме газ құрылғысын орнаттым. Лотерея табыстаған еді. Әрине қуаныштымын. Күтпеген едім. «ҚазАвтоГаздан» көлігіңізге газ қойдырыңыз. Тиімді. Рахмет барлығына».

«ҚазАвтоГаз» компаниясының қызметкерлері мұндай ұтыс ойындарын тағы өткіземіз деп отыр. Қатысушылар үшін басты сыйлық Шымкенттен екі немесе үш бөлмелі пәтер болмақ. Бұл сыйлықтың иесін қазан айында анықтайтын болады.

Жанар Есенбекова