Астанада алғаш рет өтетін «ТМД аруы-2018» халықаралық байқауының қатысушылары жиналды

253

Астанаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының аруы атағы үшін бәсекелесуге 10 елден 18 жастан 27 жас аралығындағы 19 қатысушы жиналды. Байқау өткізіліп келе жатқан 22 жыл ішінде алғаш рет Астанада ұйымдастырылып отыр және ол елорданың 20 жылдығына орайластырылды.

Конкурста өз елін таныстырып, құрмет көрсету үшін қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтті. Қатысушылар ақтық сайысқа бірнеше күн қалған кезде Астанада жиналып отыр.Осы уақыт аралығында олар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысады, сондай-ақ Астананың көрікті жерлерін аралап, мерейтойлық мерекелер мен қайырымдылық шараларға қатысады.

Нақтырақ айтқанда, байқауға қатысушылар «Нұрлы жүрек» психоневролоиялық диспансерде, Бурабай курорттық аймағында болып үлгерді. Алдағы күндері «Астана-Арена» стадионындағы жолдастық матчқа, Армения елшілігнде ұйымдастырылдатын қабылдау кешке қатысады. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы «ТМД аруы» байқауы Армения астанасы Ереванда өтті. Ал 27 шілде сағат 19.00-де «Казмедиа орталығы» киноконцерт залының сахнасында байқаудың ақтық мәресі өтеді.

Байқауға қатысушылар өз ұлттық киімдерін, сондай-ақ кешкі көйлектерін бар сән-салтанатымен киіп шығады. Эксклюзивті шоу бағдарламаға сонымен қатар әлемдік сахна жұлдызы, дарынды суретшілер мен көрнекті дизайнерлер қатысады.
Байқауға қатысушылар үшін өткізіліп отырған шара – әлемге әйгілі модельдік агенттіктермен, өндірістік орталықтар мен режиссерлермен ынтымақтастық орнату үшін үлкен мүмкіндік.