Базарда ақша ұрлаған күдікті ұсталды

166

Ағымдағы жылдың 18 шілдесі күні Шымкент қаласының Әл-Фараби ПБ-не жергілікті азаматша арызданып, қалада орналасқан базарлардың бірінде қол сөмкесінен ақша, ұялы телефон мен алтын бұйымы қолды болғанын көрсеткен. Жәбірленушіге жалпы 53 мың теңге көлемінде шығын келген.

Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің «ұрлық» бабымен тіркелді. Әл-Фараби полиция бөлімінің жедел уәкілдері жүргізген іздестіру іс- шаралары нәтижесінде, ізін суытпай Шымкент қаласының тұрғынын анықтап ұстады, деп хабарлайдыТүркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Қазіргі таңда ұсталған күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.