Бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері туған жері Түркістанға оралды

44

Бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шеберін шымкенттіктер қарсы алды. ҚР чемпионы, ҚР Кубогының жеңімпазы, бірнеше Халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері Моминов Бобиржан туған жері Түркістанға оралды.

Ол «Барыс Арена» мұз айдынында Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетіп, Грузиядан келген Гиорги Блиадзені бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Туған жеріне оралған ол өткен кештің әсерімен бөлісіп, қолдау көрсеткен жерлестеріне алғысын білдірді.

Айта кетейік бұл шараның басты жекпе-жегі қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов пен Түркия елінің боксшысы Хизни Алтункая арасында өткен болатын.