Букмекерлік кеңседен ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

310

Ағымдағы жылдың 6 шілдесі күні Мақтарал АІІБ-не жергілікті тұрғын арызданып, Жетісай қаласындағы букмеркерлік кеңселердің бірінде белгісіз тұлға ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Аталған дерек Мақтарал АІІБ-ның сотқа дейінгі бірыңғай тергеп- тексеру тізіліміне ҚР ҚК-нің «ұрлық» бабымен тіркелді.

Мақтарал АІІБ қызметкерлері жедел іздестіру іс- шараларын жүргізіп, нәтижесінде ізін суытпай, Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтап ұстады.
Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің басқа да ұрлық қылмыстарына қатыстылығын тексеруде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.