Кикбоксингтен жолдастық кездесу өтті

164

Шымкентте кикбоксингтен жолдастық кездесу өтті. Күш сынасқандар Түркістан облысы және Астана қаласының спортшылары болды. Жаттықтырушылардың айтуынша мұндай жолдастық кездесулер жастардың кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай өзара достық қарым-қатынасты да күшейтеді.

Жекпе-жектердің арасында есте қалғаны қыздардың сынағы болды. Бойжеткендердің бірі Түркістан облысының намысын қорғаған Ұлпан Сейден болды. Ұлпан облыс чемпионы, ҚР күміс жүлдегері, әлем кубогының иегері. Тәжірбиелі арудың бұл жолы асығы алшысынан түспеді.

Жарыста 9 салмақта 18 жұп күш сынады. Әр жекпе-жек тартысты өтті. Үстіміздегі жылдың қараша айында өңірімізде кикбоксингтен жастар арасында облыс чемпионаты өтетін болады. Жолдастық кездесу аяқтала салысымен, жеңімпаздар Республикалық сынаққа дайындығын бастайды.

Қасымхан Хамытбек