мемлекеттік кірістер басқармалары ғимаратында кезексіз салықты төлеуге мүмкіндік бар

Қала тұрғындарының басым бөлігі салықтан жалтарған емес. Міндетті төлемдерді еш ескертусіз төлегенді әдетке айналдырғандар көп. Солардың бірі – Камила Бектабаева. Ол мүлік және жер салығын мерзімінде төлейді.

Камила Бектебаева еш күрделіксіз салықты төледі

Камила Бектабаева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Жұмыстан сұранып келсем, кезек жоқ. Төлейтін соманы біліп, енді осы ғимараттағы кассаға барып төлеймін».

Өткен жылға есептелген жылжымайтын мүлік салығын төлеу 1-шілдеден басталды. Науқан жайында естігендер аз болса керек, әзірге касса алдында кезек жоқ. Бір ғана Еңбекші ауданы бойынша 55 мың нысан тіркелген, оның 51 мың 468 мүлік салығын төлеуі тиіс.

Сабит Темірәлиев салық төлеуге шақырады

Сәбит Темірәлиев, Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Біз биыл жоспар бойынша мүлік салығынан 150 млн. теңге, жер салығынан 25 млн. теңге жинауымыз керек. Алты айдың қорытындысы бойынша бюджетке мүлік салығынан 72 млн. теңге түссе, жер салығынан 12 млн. теңге түсті».

Сала мамандары жазғы демалыстың аяқталуын күтпей, тез арада еш күрделіксіз міндетті салық төлемдерін өтеуге шақырады. Ескертуге құлақ аспақандарға ҚР Салық Кодексінде жеңілдіктер қарастырылғанын да жеткізді.

Сәбит Темірәлиев, Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілген азаматтар , «Алтын алқа»  медалі , «Отан» орденінің және 3-ші дәрежелі Даңқ орденінің иегерлері, жалғыз тұратын зейнеткерлерге – меншік құқығындағы барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан АЕК 1000 еселенген шегінде жеңілдік қарастырылған».

Жер және мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады. Мамандар тұрғындарды міндетті төлемдерді мерзімінде төлеуге шақырады.

Шынар Оразова