Úı Oqys oqıǵa Сарыағашта үш жасар сәби көліктің ішінде тірідей өртеніп кетті

Сарыағашта үш жасар сәби көліктің ішінде тірідей өртеніп кетті

Түркістан облысында үш жасар сәби көліктің ішінде тірідей өртеніп кеткен. Оқиға 6-шы шілде күні Сарыағаш ауданына қарасты жеке тұрғын үйдің ауласында болған.

Төтеншеліктер мәлімдегендей, Жемісті ауылы Әуезов көшесінде төрт үй өртенгені туралы хабар түсті. Бір үйдің ауласында «ВАЗ-2106» көлігінен өрт шыққан, көліктен 2015 жылы туған баланың денесі табылды. Сондай-ақ, бір көшеде орналасқан төрт үйді өрт шарпыған.

Үш үйдің өртену аумағы 436 шаршы метрді құрайды, төртінші үйдің шатыры жанып, аумағы 96 шаршы метр болды. Өрт 14:43 кезінде ауыздықталып, 16:03-те толығымен сөндірілді. Қазір, өрттің неден шыққаны анықталуда.

Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі: «Оқиға орнында Өрт сөндіру қызметінің 17 қызметкері және 3 техника, Сарыағаш ауданының жедел-тергеу тобы жұмылдырылды».