Шымкентте дәмханада төбелескен қыздар ауруханадан бір-ақ шықты

156

Қаладағы дәмханалардың бірінде таяқ жеген екі қыз ауруханаға түсті. Бұл оқиға Тауке хан даңғылы бойындағы дәмханалардың бірінде тіркеледі. Көңіл көтеру орталығының әкімшісі оқыс оқиға күндіз сағат 10:00 шамасында тіркелгенін мәлімдеді. Айтуынша бөлек отырған топ қыздар мен екінші тараптың бойжеткендері арасында түсінспеушілік туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Таяқ жеген екі қызды жедел жәрдем бригадасы дереу қалалық ауруханаға жеткізген. Оқиға басына Әл Фараби ауданының тергеу тобы да келді дейді дәмхана әкімшісі. Жәбір көрген қыздардың жаыдайын білмек болып ауруханаға бардық.

Жандос Зауырбеков, дәрігер: «Сағат шамамаен 10:30-ды жедел жәрдем қызметкерлері мен екі азаматша ауруханаға жеткізілді. 1994-1995 жылы туылған қыздар. Сөздерінше белгісіз адамдардан таяқ жеген. Оқиға Тауке хан даңғылындағы дәмханада болған дейді. Дереу науқас қыздарды дәрігерлер қарап, жеңіл жарақат алғандығын анықтады. Олар дәрігер қарауынан кейін аумақтық емханаға жолдама бердік».

Тәулік бойы жұмыс жасайтын дәмхана «Бауыр» күзет агентігінің бақылауында. Осы нысанға серіктестік өкілдері шақыртудың жиі болатынын жасырмайды. Қыздар төбелесіне шақырту түскенін олар да ашық айтып отыр.

Самат Ахметов, күзет агенттігінің өкілі: «Сол күні аталмыш дәмханадан шақырту түсті. Біз олармен келісімшарт түзгенбіз. Негізі келісімшарт бойынша 5 минуттың аралығында шұғыл топ жетуі тиіс. Бірақ біздің жігіттер ол жерге 4 минутта жеткен болатын. Жедел топ жеткенге дейін дәмхана ішіндегі төбелес аяқталып қойған. Біздің қызметкерлер оларды дәмхана сыртына шығарып үлгереді. Кейін тәртіп сақшылары мен дәрігерлер шақыртылды».

Орын алған оқиға бойынша тергеп, тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.