Шымкенттегі екі ауданға әкімдер тағайындалды

238

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 34-ші сессиясында депутаттар Әл Фараби және Қаратау ауданы әкімдерінің кандидатурасына бірауыздан дауыс берді. Қаратау ауданына Исамидин Қантөреев тағайындалды. Бұған дейін аталмыш аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Жоғары білімді. Экономист және заңгер мамандығы бойынша білім алған. Қызмет баспалдағын «Өндірістік пайдалану кәсіпорындары» компаниясында экономист болып бастаған. Одан кейін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша ақпараттық талдау және бақылау департаментінде сарапшы, осы агенттіктің өңірік басқармасында сарапшы қызметттерін атқарған. Қаратау ауданының тыныс тіршілігіне қанық су жаңа әкім алдағы уақытта қызметін абыроймен атқарады деген сенім бар.

 

Ал Шымқаладағы ең ірі аудандардың бірі Әл Фараби ауданын енді Ғабит Мәуленқұлов басқармақ. Мұның алдында Қаратау ауданының тізгінін ұстаған Ғабит Патшаханұлының мол тәжірибесі бар. Осыған дейін де қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған тәжірибесін тағы қосыңыз. Мамандығы бойынша заңгер су жаңа әкім бұған дейін биліктің талай трамплинінен жүріп өткен. Атыраудағы дағы Каспий экологиялық прокуратурасында қызмет жолын бастаған. Осы саладағы қызмет баспалдағымен өрлей отырып ҚР жоғары сотында істеген тәжірибелі маман. Қала әкімі екі аудан әкімдеріне қызметтерінде сәттілік тіледі.