Депутат Түлкібас ауданында жұмыс сапарымен болды

161
Түлкібас ауданындағы алма бауы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев Оңтүстік өңіріндегі мәселелерге қанық. Түлкібас ауданына дейін Отырар және Сарыағаш ауданында болған мәжілісмен «Көктал» шаруашылығында да үкімет тарапынан көрсетілетін қолдау, өнім бағасының қол жетімділігі төңірегінде әңгіме өрбітті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев Түлкібас ауданында

Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Отырар ауданында болғанымда әкім   археологиялық музейді жөндеу жөнінде мәселе қойды. Сарыағаш ауданында шекара бекетінде болдық. Өзбекстанмен қарым-қатынасымыз нығайып келе жатқаны қуантарлық жағдай. Қазір сіздер, журналистер, субсидия және Оңтүстік өңіріндегі алма бағасының  тым қымбат екенін айтып отырсыздар. Сіздер халықтың үнісіздер. Сондықтан бұл мәселемен мен айналысамын».

Майтөбе ауылындағы 230 гектар жер алқабында жайқалған алма бауына биыл төртінші жыл. Бойы аласа, діңгегі қатайған ағашта биыл өнім бітік.

Түлкібас ауданында ағын су мәселесін ескерген шаруашылық қарқынды алма бауына тамшылатып суғару әдісін пайдалануда. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үкімет тарапынан бөлінетін субсидияға қол жеткізу мәселесі де кездесу барысында талқыланды. «Көктал» шаруа қожалығы билік уәде еткен субсидияға қол жеткізе алмай келеді.

Жақып Жадыра субсидия алуға үмітті

Жақып Жадыра, шаруа қожалығының басқарушысы: «Тамшылатып суғаруға субсидия алдық, алайда алма бауына әзірге үкімет тарапынан қаржылай көмек алмадық. Қазір құжаттарымызды халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырдық, субсидия  болып қалады деген үміттеміз».

Бағдарламада Мәжілісмен Түлкібас ауданының халқымен кездесу өткізеді деп жоспарланған еді, алайда Елбасының жолдауы мен жылдың басынан Сенат пен Мәжіліспен қабылданған заңдар жайы БАҚ өкілдеріне кеңінен баяндалды. Төлеби ауданында жалғасатын сапар барысында депутат әкімдіктер алдын ала дайындаған бірқатар нысандарды араламақ. ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының жергілікті халықпен кездеспегені өкінішті-ақ.