Халықтың діни сауаттылығын көтеріп, тұрақтылықты нығайтудың жолы қайсы?

70

Халықтың діни сауаттылығын көтеріп, тұрақтылықты нығайтудың жолы қайсы? Бүгін Шымкентте өткен тренингте бас қосқан имамдар мен теологтар жұртшылықты толғандырып отырған осы мәселені талқылады.

Шараға жиналғандар ел ішін дүрліктіріп, бірлігіміз мен ынтымақтастығымызға сызат түсіретін түрлі ағымдармен күресу жолдарын қарастырды. Олардың айтуынша теріс ниеттегі ағымдардан алдымен жастарды арашалап алу қажет. Ол үшін өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, патриоттық сезімін ұялата отырып, отбасы құндылықтарын сіңіре білу қажет. Сонда ғана алдын алу шаралары өркениетке залалы зор діни ағымдармен күресуде нәтижелі болмақ. Сондай-ақ, құқықтық құжаттарды құнттай білуіміз керек дейді теологтар.

Досай Кенжетай, профессор: «Жуырда заң жобасы қаралады. Соған байланысты өз ұсыныстарыңызды беріңіздер. Жолданатын ұсыныстардың барлығы ескерілетін болады. Бұл келешек үшін маңызды».