«Хош иісті» шөп сатушы ұсталды

186

Арыс қаласының тәртіп сақшылары шілде айының басында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, есірткі затын сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстаған. Күдіктінің автокөлігін тінту барысында 10-дана қағазға оралған хош иісті, кептірілген есірткі затына ұқсас заты тәркіленіп алынды. Сарапшылар, тәркіленген заттың марихуана екенін растап берді.

Тергеу барысында ұсталған азамат есірткі затын Арыс қаласының тұрғынынан алғанын айтып түсіндірген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс АІІБ-нің қызметкерлері есірткі сатушыны анықтап, ұстады. Оның үйін тінту барысында полиэтиллен пакетіне салынған 50 гр. марихуана тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Есірткі сатушы қамауға алынды.