Жатақхана салу жарысы басталса игі…

96

Биыл өңірімізде жоғарғы оқу орындары және орта арнаулы кәсіптік колледж студенттерін жатақханамен қамту мәселесі шешімін таппақ. Білім нәрімен сусындап жүрген жастарға барынша жағдай жасау күн тәртібінде тұр. Пәтерден пәтер жалдап көшпендінің күйін кешкен студент жастар баршылық.

Бүгінде өңірімізде 153 мың астам студент білім алуда. 11 330 жатақхана орнын қажет етеді, яғни, 28 жаңа жатақхана құрылысын салу қажет. Оның ішінде жоғары оқу орындары студенттері үшін 7 800 орындық 17 жатақхана, ал колледж студенттеріне 3530 орындық 11 жатақханаға қажеттілік бар.

Бүгінгі күні 9 колледжге жатақхана құрылысына салу үшін жер 5 гектар жер бөлініп отыр. Бұл жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатын болады. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов баяндаған болатын.

Бұдан бөлек, жастарды жатақханамен қамту үшін бүгінде 9 нысанға жер телімі бөлініп, инженерлік коммуникацияға қосылу мәселесі оңтайлы шешілген. Бұл Құрылыс басқармасының мәліметі.

Енді Шымкент медициналық колледжінде (800 орын) және жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде (200 орын) оқитын жастар жатақханасы құрылысын шешу мәселесі шешімін таппай тұр. Әзірге құрылыс тек Кентау қаласында ғана жүріп жатыр. Мұнда көпсалалалы колледждің 300 орындық жатақханасы салынуда. Жоспар бойынша студенттер аталмыш жатақханаға қыркүйек айында қоныстанады.

Қалған жатақханалар жайлы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтініштер берілген. Оның ішінде Созақ ауылындағы №1 колледж (200 орын), Төле би ауданына қарасты Көксәйек ауылындағы көпсалалы техникалық колледж (160 орын), Шымкент саз колледжі (100 орын), Түркістан медициналық колледжі (600 орын), Жетісай медициналық колледжі (360 орын), Шымкенттегі көлік коммуникациясы және технологиялар колледжі (300 орын), Бүгінгі таңда бюджеттен 85 065,52 мың теңге бөлінген. Бірақ қазына қазаынан берілетін қаржы тек 5 жатақхана салуға ғана жетеді.