Жол апатының салдарынан жеңіл көлік толығымен жанып кетті

Шымкент-Ташкент тас жолында ірі жол көлік апаты орын алды. Мұнда «Лада» автокөлігі мен «Камаз» жүк көлігі соқтығысқан. Соққының салдарынан жеңіл көлік тұтанып, өртке оранды. Алдын ала болжам бойынша «Лада» автокөлігі жүк көлігінің орта тұсынан соққан.

Абырой болғанда жеңіл көліктегі адамдар сыртқа шығып үлгерген. Жеңіл көлікте 7 адам болған. Оның екеуі жеңіл жарақат алып отыр. Өкініштісі автокөлік аз уақыттың ішінде толығымен жанып кетті. Қазір орын алған жол көлік оқиғасы бойынша кінәлі жүргізуші анықталып жатыр.