Киелі Қошқар ата өзенінің екі жағалауын абаттандыру жұмыстары уақытша тоқтап тұр. Естеріңізде болса, жұмыс екі кезеңге бөлінген. Оның біріншісі – бұлақ басынан Ордабасы алаңына дейін 700 метр және алаңнан Ә. Жангелдин көшесіне дейінгі 1600 метрлік бөлігін қамтитын.

Бұл аралықта өзен жағалауы 10 метрге дейін ашылып, бірқатар заңсыз нысандар бұзылған еді. Онда 4 мың шаршы метр жаяу жүргінші жолы төселді, 4 өткел салынды. Сала мамандарының айтуынша, қала басшылығы өзен жағалауын абаттандыру барысына бірқатар өзгерістер енгізбек.

Жаңа концепция бойынша, енді өзен жағалауы 30 метрге дейін ашылады. Одан да басқа өзгерістер болады. Бүгінде жауапты мамандар осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Ал тұрғындар болса, салқын суға шомылып, атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіруде.

Нұрлан Күдерұлы