Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы екі кеден бекетінен өту жеңілдетілді

73
Фото inform.kz

Осы күнге дейін екі жақты болып келген қырғыз-қазақ шекарасындағы «Кен-Булун Автожол» және «Токмок Автожол» бақылау-өткізу пунктінің деңгейі адамдардың ыңғайына қарай көп жақты болып өзгертіледі, деп хабарлайды inform.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

17 тамызда Астанада өткен VII қырғыз-қазақ үкіметаралық отырысының нәтижесі бойынша Қазақстан мен Қырғызстан үкіметі қол қойған 2003 жылғы 29 желтоқсаннан бастап   мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктері туралы Келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттама күшіне енгеннен кейін аталмыш нормада алмасулар пайда болады. Хаттамаға сәйкес, бұдан былай осы кеден бекеттері жан-жақты деңгейде жұмыс жасайтын болады.

Бұл «Ақ-Тілек Автожол», «Ақжол Автожол» өткізу пунктерінің жұмысын жеңілдетеді. Бұдан бөлек, шетелдік туристер Ыстықкөл облысына «Кен-Булун» және «Токмок» өткізу пунктері арқылы еш кедергісіз өту мүмкіндіге ие болады. Сонымен қатар, үкіметаралық кеңестің отырысында Мухаммедкалый Абылгазиев туризді дамыту мәселесіне кеңінен тоқталды. Себебі бұл саланың екі ел үшін де маңызы зор. «Туризмді бірігіп дамыту үшін кешенді шаралар қабылдау керек деген ойдамыз.

Аталмыш мәселе бойынша келісім жобасын жасасуды ұсынамыз. Туристік қызмет пен өнімдерді ұсынып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елдердің туристік әлеуеті туралы ақпарат тарату керек. Жалпы, туризм жайында жақсы пікір қалыптастырып, оған оң ықпалын тигізетін инфрақұрылымдық жобаларды бірігіп жасау керек», — деді Абылгазиев.