Балалардың жаздағы демалысы нұротандықтардың қадағалауында

163

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру барысы талқыланды. Сарапшы топтың алдында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары есеп берді, қазіргі таңда қала сыртындағы 24 лагерьде 25 мыңнан астам бала сауықтыру лагерлерінде демалуда.

Олардың 10 мыңға жуығы тамыз айында демалады. Сонымен қатар мектеп жанындағы 176 мектеп жанындағы лагерьде 15 мыңнан астам бала ыстық тамақпен қамтылған болса, 729 мектепте 178 мыңнан астам бала тамақсыз түске дейін сауықтырылды. Жиында осы демалыс түріне қатысты сын айтқандар да болды.

 

Жиынға қатысушылардың бірі «Осындай мектеп жанындағы ыстық тамақпен қамтымайтын лагерьлер  көзалдау емес пе? Ыстық тамақсыз мектеп жанындағы лагерьге баланы алып келгенше сағат 10 болады. Оны қайтарып жатқанда 12 болады. Қажеті бар ма?», деген сауал тастады.

Ардақ Садықова

Ардақ Садықова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары: «Ыстық тамақты ұйымдастыру аудан әкімдері, ата-аналармен бірігіп шешілетін мәселе. Ыстық тамақсыз болғаннан кейін мектеп жанындағы лагерьде бала бір — екі сағат үйірмеге қатысып бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған».

Маман сын  айтқан азаматшаға  қандай ұсыныстары бар екенін сұрап еді. Қатысушы  нақты ештеңе айта алмады. Алайда бұл күрделі мәселе екенін  сала мамандары  жоққа шығарып отырған жоқ.

Шынар Оразова