Биыл қанша шетелдік тіркелді?

286

Басқа өңірлермен салыстырғанда Түркістан облысындағы көші-қон мәселесінің қиын да күрделі тұсы көп. Бұл облыстың орналасу ерекшелігі мен келім-кетім ағымының көптігіне байланысты. Шекара асып, біздің өңір арқылы өтушілер көп. Осы орайда түрлі заң бұзушылықтар да орын алады. Бұған қоса басқа елден келген еңбек мигранттары да көп шоғырланған аймақ – Түркістан облысы. Сондықтан заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша облыс аумағында атқарылған жұмыстардың есебін Түркістан облысының Ішкі істер департаменті ұсынған қалпында жариялап отырмыз. Сонымен…

Түркістан облыстық Ішкі істер департаменті Көші–қон қызметі басқармасы мен оның төменгі бөлімдерінің 2018 жылдың 6 айында атқарған жұмыстарының нәтижелері
2018 жылдың 6 айында облыста жалпы 298 559 (ТМД – 295 395, алыс шетел – 3164) шетелдік пен азаматтығы жоқ тұлғалар уақытша тіркелген. (2017 жылдың осы кезеңінде – 249 806 (ТМД – 246 012, алыс шетел – 3794) шетелдік тіркелген).
Мұнда уақытша келіп тіркелетін шетелдіктердің басым көпшілігі іргелес Өзбекстан Республикасының азаматтары. Облыста аталған елден осы мерзімде келген – 286 059, Қырғызстаннан – 2270, Ресейден – 3336 азамат тіркелсе, алыс шет елдер арасында ҚХР-нан – 2128 және Түркиядан – 384 тұлға тіркелген.
Жедел-алдын алу шараларының және күнделікті атқарылған жұмыс нәтижесінде 2018 жылдың 6 айында Республиканың көші-қон заңдылығын бұзған жалпы – 7546 (2017 жылы – 6489) шетелдіктер мен ҚР-сы азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 4475 (3782) шетелдік.
Аталған құқықбұзушылардың 3 752-і (1815) ескертілген, 1621-не (2050) әкімшілік айыппұлдар салынды, 1320 (953) шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Өзге елдердің 528 (453) азаматы ел аумағынан аластатылды.
Құқық бұзушылық жасаған шетелдік және Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығына жалпы – 22 млн 791 109 (23 899 500) теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілген.
Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 233 (2017 ж.-115), нақты тіркелген мекен-жайлары бойынша тұрмайтын жеке тұлғаларды, шетелдіктерді өз меншігіндегі тұрғын үйге тіркеген – 10 (7), шетелдіктерді заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 448 (300) Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері жалпы заңсыз көші-қонға қатысты 83 (47), оның ішінде: мемлекеттік шекарадан заңсыз өту бойынша 1 (2017 ж.- 0) /ҚР ҚК 392 бабы/, ел аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімдерін орындамағандары үшін 79 /46/ (ҚР ҚК 393 бабы) және оның ішінде заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша 3 /1/ (ҚР ҚК 394 бабы) қылмыстық істер қозғалды.
Осы уақыт аралығында қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысып азаматтарды мазалап жүрген 18 (2017 ж.- 22) /ҚР ӘҚБтК 449 бабы 3 бөлімімен/ әкімшілік жолмен, сондай-ақ көші-қон заңдылығынан тыс әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 17 (9) шетелдік азаматтық процестік тәртіппен сот шешімдері арқылы ел аумағынан аластатылды.
2018 жылдың 6 айы ішінде жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуге рұқсат рәсімдеу бойынша облыстың көші-қон қызметі бөліністеріне жалпы – 47 563 (2017 ж.- 24148) шетелдік өтініш білдірген. Олардың басым көпшілігі: Өзбекстан – 47193, Тәжікстан – 273, Әзірбайжан – 96 және Грузия – 1 елдерінен келген.
Өтініш білдірген шетелдіктерге түгелдей (құрылыс жұмыстарына – 40285, аспазшылыққа – 995, бағбандыққа – 4515, үй бикесіне /бала күтімі/ – 1005 және т.б – 763) рұқсаттар ресімделді. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде 5823 (2017 ж.- 5440) шетелдіктің рұқсаттары ұзартылған.
Қала аудандық ішкі істер және мемлекеттік кіріс органдарымен салыстыру жұмыстары нәтижесінде алынған мәліметке сәйкес, еңбекші көшіп-келушілерден жеке кіріс салығы бойынша бюджетке түскен қаржы 358 480 822 (2017 ж – 183 596 254) теңгені құраған.
Халықты жеке куәлікпен төлқұжатқа құжаттандыру және тіркеу жұмыстарының нәтижелері:
2018 жылдың 6 айында облыс көлемінде жалпы 99 мың 336 азаматқа жеке куәлік және төлқұжат алуға 1-нысанды арыздар ресімделген. Оның ішінде: 41 мың 560 төлқұжат пен 69 615 жеке куәлік дайындалды. Облыс бойынша өткен мерзімде жалпы – 187 500 тұлға тұрақты және 14 397-сі уақытша тіркеліп, 4 528 адам тіркеуден шығарылды.
Төлқұжат немесе тіркеу ережелерін бұзған – 2365 (2017 ж. – 2066) азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1164 (1440) тұлғаға 10 млн 73 мың 947 (10 831 85) теңге айыппұл салынды (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы 2,3 бөлімі).

Ескерту: жақшада көрсетілген сандар 2017 жылғы көрсеткіш

Әлия Әділбек
«Оңтүстік Рабат» газеті

№30, 25 ШІЛДЕ 2018 ж.