Биыл оқулық тапшылығы болмайды

1661

Биыл Шымкентте оқулық тапшылығы болмайды. Сала мамандары қаладағы барлық мектептің сұранысын қанағаттандырған. Айтуларынша, артығымен тапсырыс жасағандары да бар. Айта өтейік, биыл 3-6-8 сынып оқушыларының кітаптары жаңартылған.

Шымкент қаласындағы 130 білім мекемелері 78 пайыз оқулық алып үлгерген. Сала мамандарының айтуынша 25 тамызға дейін кітап толық жеткізіледі екен. Естеріңізге салар болсақ, биыл 3-6-8 сыныптаң оқушылары жаңа оқулықпен оқитын болады.

Қала мектептеріне үлестіріліп жатқан оқулықтардың сапасы кітапханашылардың көңілінен шығыпты. Айтуыларынша кітаптардың көлемі шағын, безендірілуі де баланың көңілін аударуға ыңғайластырылған. Былтыр оқулықтың тым көптігінен бұрын, көлеміне шағымданған ата-ана бұл өзгеріске оң бағасын береді деп ниеттенеді.

Биыл қалалық білім басқармасы 3-6-8 сынып оқушылары үшін 1 млн. 300 мың кітапқа тапсырыс беріпті. Одан бөлек бірінші сыныпқа баратын бала саны 23 мыңға жетеді деген жоспар бар. Сол себепті мектеп табалдырығын жаңадан аттайтын бүлдіршіндер үшін және қосымша оқулық алынды дейді білім басқармасындағылар.

Пазылхан Асауов, Шымкент қалалық білім басқармасының бөлім басшысы: «10 пайыз артық тапсырыс бердік бірінші сыныпқа. Ал қалған сыныптар мектептердің берген тапсырыстарына сай алынды. Оқулық тапшылығы болмауы тиіс».

Жасыратындығы жоқ, жыл сайын оқулық тапшылығы орын алатын. Бала санының күрт өсуі салдарынан деп ақталатын сала мамандары, биыл өзгеше қадамға барыпты. Биыл пән оқулықтарына артығымен тапсырыс берілген. Нәтижесінде, кітап іздеп сандалатын ата-аналар болмайды деп үміттенеді.

Нұрлан Күдерұлы