Күзгі энзоотияға қарсы шаралар жүргізілуде

668

Төлеби аудандық ветеринария бөлімі күзгі кенеге қарсы дәрілеу жұмысын жүргізуде, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Дәрілеудің мақсаты – үй малының энзоотиялық ауруларының алдын алу болып табылады.

Төлебиде энзоотиялық іс-шаралар бойынша 80475 (жоспар: 90663) бас ірі қара мен жылқы кенеге қарсы дәрі бүркілді. 209149 (жоспар: 241496) уақ мал арнайы сұйықтыққа тоғытылды.

Сондай-ақ, 2 056 090 ш/м үй іргелік қора-жайлар мен оларға жапсарлас аумақтар, 450250 ш/м мал иірімдер мен суаттар залалсыздандырылды.

Айта кетейік, төрт түлік арасындағы қауіпті аурулардың алдын алу жұмысына 100-ден аса маман атсалысуда. Залалсыздандыру аудандағы Леңгір қаласы мен 12 ауылдық округ аумағында жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан басталған күзгі залалсыздандыру шараларын 15 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда.