Úı ANONS Маңғыстаулық учаскелік инспектор Шымкентте полицейлермен төбелескен

Маңғыстаулық учаскелік инспектор Шымкентте полицейлермен төбелескен

©Турар Казангапов tengrinews.kz

Маңғыстау облысының учаскелік инспекторы Шымкент қалалық ІІД қызметкерлерімен төбелескен. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ІІМ өкілінің хабарлауынша, Шымкентте 12 тамызда жол ережесін бұзғаны үшін Маңғыстау облысы жергілікті полиция қызметінің инспекторы жүргізген көлік тоқтатылған.  «Жүргізуші мен оның жолаушысы — Түркістан облысы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мас күйде Шымкент қаласы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының инспекторына физикалық күш көрсетіп, қарсыласқан», — дейді Сәдубаев.

Қазір ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігі («Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Exit mobile version