Шымкентте «Цифрландыру күнін» атап өтуде

401

Бүгін Шымкентте «Цифрландыру күнін» атап өтуде. Соған орай қала әкімдігі арнайы іс-шара ұйымдастырып, Шымқаланың жұмысын жақсарту мен цифрландыру бойынша көптеген жобалар қабылдауда. Оған бағын сынауға республикамыздың түкпір-түкпірінен ақпараттық технология мамандары келді. Қалалық билік өкілдері өз кезегінде цифрландыруды енгізу арқылы шешілетін бірқатар проблемалық бағыттарды таңдады.

Лавренитий Бобрышев, сарапшы: «Шымкентте цифрлы қала болудың барлық мүмкіндіктері бар, әсіресе оны мұндағы жұмыс істеуге ниетті адамдардың көптігінен-ақ аңғаруға болады. Сіздерде әкімшілік жұмыс тауып беруге де мүмкіндік береді. Бастысы идея бар және оны қадағалау жақсы жүргізіледі. Менің ойымша, Шымкентте «Цифрландыру күні» бір-ақ рет болмайды, таяуда қала түгелімен цифрланады».

Айта кетейік, жергілікті әкімдік «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз» атты акция ұйымдастырған болатын. Келіп түскен өтініш-арыздардың ішінде сандық технология көмегімен шешілетін міндеттер болған. Қазір олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік пен білім беру саласын жетілдіруге қатысты көптеген ұсыныстарды қарап жатыр.

Айя Мүтәлі