Конституция күні мерекесіне орай Түркістан облысында білім ұяларына автобус берілді. Көліктің кілтін мектеп басшыларына салтанатты түрде тапсырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев білім сапасын көтеру жөнінде тапсырма жүктеді.

Бұл автобустар шалғай елді мекенде тұратын оқушыларды мектептерге тасымалдау мақсатында сатып алынған. Атап айтсақ, Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Үшқайық ауылдық округіндегі С.Қожанов мектебінде 120 бала тасымалданады. Сондай-ақ Бабай-Қорған жалпы орта мектебі мен Түркістандағы жас туристер станциясына да жаңа автобустар берілді.

Зауыттан биыл шығарылған ПАЗ-32054 маркалы автобустарына жергілікті бюджеттен 34 млн.50 мың теңге қарастырылған. Енді бұл автобустар оқушыларға қызмет етеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі