Жаңа антирекорд: теңге тағы да құнсызданды

60
sputniknews.kz

Бүгінгі жаңалық қазақстандықтардың көңілін түсіріп, олар биліктің «шұғыл валюталық өзгерістер болмайды» деген уәдесін еске алды.

Бейсенбі күні Қазақстанның ұлттық валютасы әлсіреп, 1 доллар құны 355 теңгеге дейін көтерілді. KASE таңғы сессиясындағы сауда-саттық бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 353,53 теңгені құрады. Кей айырбас пункттерінде шетелдік валюта 357 теңгеден сатылып, 352 теңгеге сатып алынып жатыр.

Көрші Ресей елінде де бейсенбі күні рубль құнсызданды – доллар қымбаттап, 66 рубльге жеткен. Рубльдің әлсіреуі Ресейге қарсы жаңа АҚШ санкциялары туралы жаңалықтар аясында болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, теңге бағамының тұрақты болуына мұнай бағасы, негізгі сауда серіктестеріндегі валюта курсы, инфляция деңгейі, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі сияқты бірқатар факторлар әсер етеді.

sputniknews.kz