«ҚазТрансГазАймақ» Сарыағашта жүгенді жоспарын жүзеге асырды

86

Сапасыз табиғи газдың қысымы мен оның құбырдан өтуі — мәселені қалай шешуге болады? Осы және өзге сауалдардың жауабын анықтап білу үшін, Сарыағаш ауданында айрықша пресс-тур өтті.

Бұл жолы мемлекеттік мекеменің өкілдері мен үкіметтік емес және қоғамдық ұйымның мүшелері сондай-ақ, көшенің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қана қойған жоқ. Тәжірибе жүзінде көрсетіп, мәселенің мән-жайы, дерегі дәйектелді. «ҚазТрансГай Аймақ» АҚ облыстық филиалында жүгенді жоспарды инвест бағдарламаның аясында жүзеге асырып отыр.Әсия Ибрагимова — Сарыағашта жарты ғасырдан бері тұрады. Және алғаш мұнда табиғи газдың қашан тартылғанын да жақсы біледі. Сол кездегі қуанып, шүкірлік айтқан сәттері әлі де көз алдында. Десе жергілікті жұрттың жәйі бүгінде жақсарған. Бұлай деуімізге — газдың байланыс сымдарына жаһандық жөндеу жұмыстарының жүгенді жүргізілуі де дәлел.

Әсия Ибрагимова, Сарыағаш ауданының тұрығы: «Қазір жағдайымыз жақсы. Табиғи газ келіп, от жағып, күл шығарудан құтылғанымызға қуанамын!»

Жаңғыру жұмыстары осыдан 3 жыл бұрын басталған. Бұл уақыттың ішінде кәсіпорын 419 шақырым газ құбырын төсеп үлгерді. 6 764 пункттерді, 13 газ реттеуші бекет-жасақтарды, 76 газ реттеуші пункттерді орнатты. 121 шкафті -реттеуші бекеттті, 10 протекторды ауыстырды, химиялық қорғанысты 12 катод станциясын ауыстырумен қалпына келтірді. Үш газ тарату қондырғысын орнатты, газ құбырларының 8,31 км ауыстыру бойынша жұмыстарын жүргізді.Ербол Рахымбердиев, «ҚазТрансГаз Аймақ» ОҚӨФ АҚ директоры:»Облыс бойынша біз 108 шкафты-реттеуші бекетті биыл ауыстырамыз деп жоспарлағанбыз. Оның 49-ы қазірдің өзінде, алмастырылып үлгерді. Бұл Сарыағаш , Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Мақтарал аудандарында. Сонымен қатар, Сарыағаштың аумағындағы тозығы жеткен 18 км-ден астам газ-желілерін ауыстыру қажет. Сол тиісті қажеттіліктерді ауыстырған соң, апатты да, қауіпті жағдайлар артта қалады. Айтпақшы, сарыағаш ауданындағы 1435 метр жарамсыз делінген газ-сым-желілерін ауыстырып үлгердік».

Кәсіпорындарға 2018 жылға дейін толығымен ауыстырылып, жобаның жүзеге асуын ерекше екшеп отыр. Бұл — жұмыстың және қоғамның қауіпсіздігі, технологиялық-техникалық тұсынан да тиімді, газдың тиісті мөлшері еш кедергісіз қосылып, уақытылы жетеді. Ысырап болмайды. Сондай-ақ, газ қондырғысының қауқары да құнтталып, тұтынушылар сапалы қызметке дер кезінде қол жеткізе алады.

(Мем.лиц № 12012602 от 28.09.2012ж. ҚР ГУ Агенттігінің атом энергиясы бойынша берілген)

***жариялау ақысы төленген