Армрестлингтен ашық біріншілік өтеді

124

Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ ашық біріншілігі ұйымдастырып отыр. «Спорт-есірткі және есірткі бизнесіне қарсы!» атты ұранымен армрестлингтен және гір көтеру спортынан, қазақ күресінен, таэквон-додан Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар — жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтеді, деп хабарлайды «ШардараСпорт-ақпарат».

Ашық біріншілік қыркүйек айының 15 күні қазақ күресінен 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында. Шардара қаласындағы спорт кешенінде өткізіледі.
Ашық біріншілік қыркүйек айының 16 күні армрестлингтен жасөспірім ұлдар және қыздар, ересек спортшылар арасында. Шардара қаласындағы спорт кешенінде өткізіледі.
Ашық біріншілік қыркүйек айының 16 күні гір көтеру спортынан жасөспірімдер арасында. Шардара қаласындағы спорт кешенінде өткізіледі.

Ашық біріншілік қыркүйек айының 23 күні таэквон-додан ITF түрі бойынша жасөспірімдер арасында. Шардара қаласындағы спорт кешенінде өткізіледі. Дүбірлі додаға еліміздегі барлық облыстардан, аудандар мен қалалардан спортшылар келіп қатысады деп күтілуде. Кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін мықтылардың арасында өтетін айтулы жарыс тартысты өтетіні сөзсіз.