Көршісін пышақтаған ер адам қамауға алынды

562

51 жастағы ер адам көршісін пышақтап тастады. Екеудің арасындағы араздық спирттік ішімдіктен кейін орын алған. Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылында орын алған оқиғаға күдікті азамат ұсталды.

ҚР ҚК – нің 24 бабы, 99 бабының 1-ші бөлігі, «қасақана кісі өлтірмек боп оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Тергеу кезінде күдіктіні екі айға қамау туралы санкция берілді»-деп хабарлайды Қазығұрт аудандық сотының судьясы Гүлмира Рахымбаева. Ал пышақтан жараланған азамат аман, қазір аудандық ауруханада ем-дом алып жатыр.

Жанар Есенбекова