Шардараның оғланы қола медаль иегері

61

Индонезия елінің Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында Шардараның оғланы Ерсұлтан Мұзаппаров қоладан алқа тақты, деп хабарлайды «Шардараспорт-ақпарат». Байрақты бәсекеде Азия құрлығының кіл мықтылары сайысқа түсіп, “сен тұр мен атайын” деген көздерінде от жалындаған спортшылар қатысқан болатын.

Бірінші кездесуде-ақ көзге түскен Ерсұлтан, ауғанстандық қарсыласының жауырынын жерге тигізіп тізе бүктірсе, келесі Вьетнам және Тайпейлік қарсыластарынан айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жартылай финалда қарсыласына жол берген Ерсұлтан қола жүлдегер атанып, Азия ойындарының қола жүлдегері атағын қанағат тұтты.