Шымкент футболшылары «Барселонамен» күш сынасады

137
Фото inform.kz/

Шымкентте футболдан әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/16 кезеңі өтеді. Жергілікті «БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы испаниялық «Барселона» командасының аруларымен күш сынасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тартысты ойын 12 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00-де Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионында (БИІК-Тассай) өткізілмек.  Еске сала кетсек, 2015-2016 жылғы маусымда да шымкенттік арулардың жолы каталондық футболшылармен түйіскен болатын. Шымкентте өткен алғашқы матчта командалар 1:1 есебімен тең түссе, Испаниядағы қарымта кездесуде «Барселона» 4:1 есебімен басымдық танытқан еді.