Мақсаты – бизнес бастамаларды қолдау және қаланың әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуын ынталандыру. Корпорация инвестицияларды тарту, бизнесті дамытуға жәрдемдесу, жұмыс орындарын құру және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған.
«Shymkent» ӘКК АҚ-ның Директорлар кеңесінің шешімімен, ӘКК-ның төрағасы болып Рашид Абатуллаұлы Аюпов тағайындалды.
2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың шілдесіне дейін ҚР Үкіметінде «Нұр Отан» партиясының өкілі, содан кейін «Нұр Отан» партиясының Ақпараттық-технологиялық орталығының басшысы болып қызмет атқарған. 2018 жылдың шілде айынан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі болды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі