«Әжемнің ертегісі» іс-шарасы бастау алды

37

Кентау қаласында балабақша бүлдіршіндерін Отанын, тілін сүюге, қастерлеуге тəрбиелеу, халық ертегілерін насихаттау мақсатында «Əжемнің ертегісі» іс-шарасы бастау алған болатын.

Қаланың балабақшаларында əжелер алқасының мүшелері, кітапхана қызметкерлері балабақша бүлдіршіндеріне қазақ ертегілерін айтып, олардың арасында түрлі викториналық ойындар өткізіп келеді. Бүгін Қарнақ ауылындағы «Согдиана» балабақша бүлдіршіндері əжелердің айтуымен қазақ ертегілерін тыңдап, қариялардың ақыл-өсиеттерінен үлгі алды.

Күнделікті тəрбиешінің, ата-анасының ғана емес, кимешек киген əжелердің айтуымен ертегілер арқылы баланың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру шарасы қала, ауылдардағы барлық балабақшаларда жалғасын табатын болады.