17 жасар бозбала құрдасын атып өлтірді

422

Шымкентте кәмелет жасқа толмаған 17 жастағы бозбала оққа ұшты. Оқыс оқиға «Самал» шағынауданында орын алған.

Бір біріне басымдық көрсеткісі келген екі топ ерегісіп, төбелеседі. Нәтижесінде 2001 жылғы бозбала құрдасын шолақ мылтықпен атып жарақаттаған. Бірден жедел жәрдем шақырылған. Дегенмен оқ тиген бала ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

«Аса ауыр қылмыс жасады» деп күдіктеліп Шымкент қаласының тұрғыны 2001 жылы туған, жасы кәмелетке толмаған жасөспірім Шымкент қаласының тергеу сотының санкциясымен 9-шы қазан күні екі ай мерзімге қамауға алынды.

«2001 жылы туған азамат ҚР ҚК -нің 99 бабы бойынша күдіктеліп отыр. Екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берілді. Аса ауыр қылмыс болғандықтан кепілге жатпайды»-дейді Шымкент қаласының тергеу сотының судьясы Қамшыбек Анарбаев.

Жанар Есенбекова