Шымқаланың тұрғындары үшін тұрмыстық техникалардың қолжетімділігі артты. Дәлірегі, үшінші мегаполистің төрінен «Эврика» желісінің тағы бір жаңа ғимараты ашылып отыр.
Енді, Төле би көшесіндегі №20 үйге бұрылып, кез келген техниканы жәй емес, арнайы жеңілдікпен ала аласыз! Егер, қалтаңыздан қолма-қол қаржы табылмаса, қам жемеңіз, Сіз үшін ешқандай үстемесіз бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.
Салтанатты шараға тұрғындармен қатар, әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов та қатысып, жаңа бастаманы құп көретінін қуана мәлімдеді. Ал «Эврика»-ның жаңа ғимаратына бас сұғып, мұндағы техникалардың мол түсімі мен сапасына таң қалып, тәнті болған жерлесіміз Ләззат Жұмабаева таңдауын да бізге жасырмай айтып берді.
Ләззат Жұмабаева, қала тұрғыны: «Бүгін «Эврика» ашылып, қуанып, ерекше әсерге бөлендік. Жаңа түсімді аралап шығып, газ плитасын сатып аламын деп шештім. Тұрмысқа қажетті техниканы үйге апарып, келінімді қуантқым келеді. Маған мұндағы қойылған бағалары да ұнайды. Халықтың қамын жасап, бөліп төлеуге жағдай жасап отыр ғой. Рахмет! Алдағы уақытта үлкен мұздатқышты да осы дүкеннен аламын деп шештім».
Қуантарлығы, «Эврика» сауда желісі – мол түсіммен әркез тұтынушылардың талғамын дөп тауып, талабын орындап келеді. Жаңа ғимаратында да тұрмыстық техникалардың сан түрі – мол ұсынымын таныстырып, жаңа түсімдерін де жасақтап үлгерген.
Игорь Жарких, «Эврика» дүкенінің директоры: «Эврика» – әлемдегі ең сапалы брендік өнімдерді елімізге тасымалдайды. «Самсунг», LG, «Сони» деген компаниялармен тығыз қарым-қатынас орнатып, жаңа техника-дүниелерінен қалыс қалмай, шымкенттіктерге мол таңдауды ұсынып келеміз. Сондай-ақ, тұтынушыларымыз үшін барлық жағдайды жасап отырмыз. Яғни, техникаға қызығып, бірақ мұны төлеуге қолма қол қаржысы табылмаса, қам жемесе де болады. Жыл – 12 айға бөліп төлейді немесе несиеге рәсімдей алады».
Мөлдір Бекеева