Көршісі оқ атқан он екі жасар жеткіншек ауруханадан шығарылды

145

Түлкібас ауданы Жаскешу аылында көршісінің атқан оғынан жарақаттанған он екі жасар жасөспірім мен 24 жастағы жігіттің өмірін дәрігерлер аман алып қалды. Екеуі де бір аптаға жуық аудандық ауруханада ем дом алып үйлеріне шығарылған.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап отыр. Айта кетейік, Түлкібас ауданы Жаскешу ауылында 26 жастағы жігіт көршісінің отбасына оқ жаудырған болатын. Адасқан оқ абайсызда он екі жастағы баланың қолын жарақаттаған. Ал жарақат алған 24 жастағы жігіт пен оқ атқан 26 -дағы жігіт екеуінің арасында бас араздық болған.

Өз көліктерімен қарсы келе жатып екі жігіт ерегісіп қалады. Айыпталушы дереу көлігінен «Оса» атыс қаруын алып шыққан бетте екінші жігіт қашып, үйіне барып бас сауғалаған.

Ашуға булыққан айыпталушы қайтпастан көршісінің соңынан қуып отырып отбасы мүшелеріне қарай оқ жаудырған. Жарақаттанған екеу де бірден аудандық ауруханаға жеткізілген. Көршісіне оқ атқан 26 жастағы жігіт қамауға алынды. Түлкібас аудандық сотының санкциясымен екі ай мерзімге темір торға тоғытылып, оған қасақана кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылуда.

Жанар Есенбекова