«Нұрсәт»-тің төрінен «Ладушки-Дастархан» ашылды

86

«Ладушки-Дастархан». Осындай атаумен кондитерлік дүкендер желісінің қатары тағы — 1-ге артып отыр. Дәлірегі, «Нұрсәт» шағынауданынан қаламыздағы бірегей тәттілер мен дәмді тағамдарын ұсынатын дүкен, дәмхана мен кафе де ашылды.

Тәтті нандар мен торттар. Түрлі тосап қосылған өнімдер, ас-ауқаттың сан түрі. Бастысы, адам ағзасына пайдалы әрі дәруменге толы. Көкөніс пен жемістен жасалған ұнысым кестесі тағы бар. Айтпақшы, сүт өнімдерінен әзірленген сан түрлі тамақтар да осында. Дәлірегі, енді «Нұрсәт» шағынауданының тұрғындары үшін «Ладушки» кондитерлік желісі жаңа қонақжай жиынтығын ашып отыр.Руслан Усманов, бас аспаз: «Бізде тек дәмді әрі дәруменге толы тағамдар. Ең бастысы, сол мезетте дайындалып, тұтынушыға ұсынылады. Әрбір келушіге үлкен құрметпен қараймыз және асты да үлкен махаббатпен әзірлейміз. Сондықтан болса керек, тұрақты тұтынушыларымыздың саны мен сұраныс көлемі күн санап артып жатыр. Бұған тек қуанамыз».

«Нұрсәттің» төрінде «Ладушки-Дастарханның» өндірістік асханасы ғана емес, арнайы кафесі және дүкені бой көтерген. Мұндағы жүздеген адам Сіздің талғам-талабыңыз үшін жұмыс жасауға кіріскен. Қуантарлығы — кондитерлік желінің ас мәзірі мен ұсыным кестесінің ауқымы артып, тағамдар саны да еселеп отыр.Светлана Лугина, «Ладушки» кондитерлік желісінің директоры: «Нұрсәттен» осындай сапасы мен сәні келіскен қонақжай жиынтығын ашу — бүгіннің емес, жылдар бойғы жұмыстың жемісі. Иә, жылдар бойы жоспарланған жоба бойынша бой көтерді десем болады. Сондықтан, мұнда Сіздің жайлылықты сезініп, тәбетіңіз тартқан тағамды табуыңыз үшін бар жағдай жасалған. Сондай-ақ, біздегі ас мәзірінің саны артып отырғанын марқая мәлімдеймін. Бұрын соңды дайындалмаған, ұсынылмаған тағамдарды жасап, тұтынушыларымыздың талғам-талабына сай жұмыс жасаудамыз. Қазір де ізденіп, әлемдік асханалармен санасамыз».«Ладушки» Сіз бен Біз үшін сапалы қызметін ұсынудан танбақ емес. Кез келген дәмді әрі бағасы көңілге қонымды тәтті нандарды, ас-ауқатты сатып алуға немесе алдын ала тапсырыс беріп, үйге жеткізіп беру қызметін пайдалануыңызға мүмкіндігіңіз бар. Ендеше, Нұрсәттегі «Ладушки-Дастарханның» қонақжай жиынтығы әркез Сізге көмектесуге әзір екенін ескеріңіз!

Мөлдір Бекеева