Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

109
shymkent.gov.kz

Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әлия Шалхарова тағайындалды. Әлия Шалхарова 1977 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Мамандығы бойынша — педагог-хореограф, психология мұғалімі, экономика және бизнес маманы.

Еңбек жолын 1998 жылы «Сафар» Өзбекстан — Корея бірлескен кәсіпорны би ұжымының басшысы болудан бастаған.

1999 жылдан 2000 жылға дейін — «RT-USA» балет тобының менеджері. Өзбекстан Республикасы клубтық спорттық хореография кооперативі кешенінің көркемдік жетекшісі.
2004-2006 жж — Өзбекстан Республикасы А.Навои атындағы мемлекеттік академиялық театрының көркемдік жетекшісі.

2006-2014 жж — «RAQS TEATRI OFARIN» би театрының директоры, көркемдік жетекшісі. 2016-2018 жж — ОҚО мәдениет басқармасының «Түркістан сарайы» МКҚК-ның директоры.

shymkent.gov.kz