Шымкентте өрт салдарынан мүмкіндігі шектеулі ер азамат қаза болды

94

Шымкентте пәтер өртеніп, ер адам қаза болды. 19 қазан күні сағат 11:59-де ТЖД құтқару қызметіне Шымкент қаласы, Қабанбай батыр көшесі бойында орналасқан 4 көп қабатты үйдің 3 қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Үйдің жатын бөлмесінде үй заттары және көрпе-төсек жанған. Өрттің беті сағат 12:17-те қайтарылып, сағат 12:27 толық сөндірілген. Өкиға орнында 1951 ж.т. ер азаматтың (мүгедек) мәйіті табылған. Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Өртті сөндіруге Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 15 қызметкері және 4 техникасы жұмылдырылған.

Жанар Есенбекова