Шымкентте «Шубамания» көрмесі өтуде

117

Әдемі, сәнді тон әрбір әйелдің арманы. Қыстың қақаған суығында табиғи жағалы тон жамылғысы келетіндердің қатары артары сөзсіз. Қымбат, сапалы, сәнді тон киюге әркімнің — ақ мүмкіндігі бар. Шымкентте «Шубамания» көрмесі төртінші жыл қатарынан шымкенттік қыз — келіншектерге осындай жеңілдіктер мен мүмкіндіктер ұсынуда.

Түркістан облысы мен Шымкенттің қыз — келіншектерінің көңілін «Шубамания» тондары жаулап үлгірген. Ресейдің Пятигорск қаласында тігілген трендті тондар кез — келген талғампаздың сұранысын қанағаттандыра алады. Биылғы жаңа хит-аралас, классикалық және түрлі түсті тондар болмақ.

Сатып алушы: «Тон таңдай алмай жүргеніме біраз уақыт болған еді. Ойымнан шығатын жеңіл елтірі тонын дәл осы «Шубаманиядан» таптым. Премиум класты қаракүзенмен аралас. Өте сәнді, түсі де әдемі. Таңдаудың көптігінен көздің жауын алады. Мұнда несиеге де тон сатып ала алады екенсің. Өте қатты ұнады».

«Шубаманияда» тонның өлшемі мен түсіне ешқандай шектеу жоқ. Талдырмаш мүсінді ару да, кең пішінді келіншек те жоғары сапалы мықты тонды таба алады. Қаракүзен, африкалық және ауғандық түлкі, мутоннан тігілген авто-леди, классикалық, аралас үлгілер… қысқасы таңдау мол.

Нұргүл Мұсағалиева, сатушы: «Шубамания» көрмесінің бүгін бірінші күні. Бізде тонның түрі көп. Іздегеніңізді таба аласыз. Мутон, қаракүзен, елтіріден басқа маусымның жаңалығы керлиді де табуға болады. Көрме жәрмеңкеге келген қыз — келіншектер риза көңілмен қайтатынына кепілміз».

Іздегеніңізді іркілмей табуға мүмкіндік көп. «Шубамания» сіздерге манто, авто леди, трапеция, классикалық тік пішінді, ұзын, қысқа тондардың кең таңдауын ұсынады. Бөліп төлеуге де, несиеге рәсімдеп алуға да мүмкіндік қарастырылған.

Зейнеткерлерге 10 пайыз, туған күн иелеріне құжаттарымен келсе 15 пайыз, екі тон сатып алғанға 25 пайыздық жеңілдік бар. Тон көрме жәрмеңкесі қазанның 31-не дейін жалғасады. Үзіліссіз, демалыссыз жұмыс істейді. Таңғы сағат тоғыздан ең соңғы сатып алушы келіпп кеткенге дейін қызмет көрсетеді.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, «Әл-Фараби» СҮ

Жанар Есенбекова