Заңсыз дүңгіршектермен күрес жалғасуда

75

Шымкент қаласы әкімдігінің 13.04.2016 жылғы «Қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын алдын-алу, жою жұмыстарының барысы» туралы №649 қаулысына сәйкес, қаланың сәулеттік келбетін сақтау мақсатында Әл-Фараби ауданында ретсіз саудамен және заңсыз дүңгіршектермен күрес шаралары жалғасуда.

Осыған орай, кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында, ҚР-ның «Жер» Кодексінің 43-бабына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-шы және 204-бабына сәйкес, Ғ. Иляев және М. Х. Дулати көшелерінің қиылысында орналасқан «Газет-журналдар», Амангелді көшесі «Асхана», Арғынбеков көшесі «Тандыр самса», А.Байтұрсынов көшесі «Донер» сонымен қатар Қазыбек би көшесі бойында орналасқан «Лаваш» дүңгіршектер иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған заңсыз дүңгіршектер орындарынан алынды.

Қазіргі таңға, ағымдағы жыл басынан бастап Әл-Фараби ауданы бойынша орнынан алынған жалпы дүңгіршектер саны 66-ны құрап отыр. Алдағы таңда бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.