400 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл өндірілді

42

 5 мен 9 қараша күндері Түркістан облысы Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мен сот орындаушылармен бірге «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Аталған іс-шара әкімшілік айыппұлдарды төлеуден қашып жүрген құқықбұзушыларды анықтаудың тиімділігін көтеруге бағытталған. Айыппұл төлемей қашып жүргендердің автокөліктері айыптұраққа жеткізіліп, салынған айыппұлды төлеген соң ғана шығарылады.

«Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасын өткізуге полицейлер мен сот орындаушылардан құралған 40-тан астам жедел топтар және «Автоборан» жылжымалы құрылғылары жұмылдырылды. «Автоборан» жылжымалы құрылғысының көмегімен анықталған айыппұл төлеуден қашып жүрген 78 автокөлік айыптұраққа жеткізілді. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары 1407 құқықбұзушыға айыппұл төлеу керектігі туралы хабарлама, мәжбүрлеп өндіру бойынша құқықбұзушылардың жұмыс орындарына 90 шешім, сондай-ақ, жеке сот орындаушыларға 901 қаулы жіберілді. Құқықбұзушыларға 5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Оның 95 % жуығы бүгінгі таңда өндірілді.

Ағымдағы жылдың басынан бері Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен әкімшілік айппұлдарды өндіру бойынша үлкен ауқымды жұмыстар атқарылды, яғни бюджетке 400 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұлдар өндірілді.