Ақмарал Леубаева Түлкібас ауданында жеке концертін өткізді

1280

Түлкібас ауданының 90 жылдық мерейтойына елімізден шыққан біршама ғалымдар және өңерпаздармен кездесулер ұйымдастырылған болатын. Жуырда аудандық мәдениет үйінде Түркістан өңірінің зор мақтанышы, бағына біткен бір туар тарланбозы, нәзікжандылар арасында кешегі қыздардың бүгінгі аналар арсынан өнер айдынында жеке дара көш бастаған ақыны Ақмарал Леубаеваның шығармашылық кеші өтті.

Шара барысында алғысөз алған аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков, ауданымызға арнайы келіп, аудан тұрғындарына концерттік бағдарламасын ұсынып отырған Ақмарал Пернебекқызына алғысын білдірді.

Шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тарапынан Ақмарал Пернебекқызы өмірінен сахналық қойылымдар қойылса, жергілікті ақындармен айтысында көрермендер қуана тамашалады.

Сонымен қатар, концерт барысында аудандық әншілерде өз тарапынан қалын жұртшылыққа ән-шашуларын тарту етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.