Биік ғимараттарда өрттің алдын алу үшін…

365

Бүгін Шымкенттегі Д.Қонаев даңғылы бойындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің алдында өртке қарсы оқу жаттығу өтті. Сценарий бойынша өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің мамандары жоғары қабатта орын алған жалынның бетін қайтарды.

Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Оқу жаттығуға 85 адам және 19 техника жұмылдырылды. Жылдан жылға биік ғимарттардағы жайсыз жағдайлардың жиілеп бара жатқанына алаңдаулы төтеншеліктер бұл шара құрылым қызметкерлерінің заманауи жағдайда бірлесіп әрекет етуін күшейтеді деп сенеді.

Мақпал Рысбаева