Úı ANONS Дүниежүзілік сапа күніне арналған семинар өтті

Дүниежүзілік сапа күніне арналған семинар өтті

Бүгін Дүниежүзілік сапа күні. Қараша айының екінші бейсенбісінде аталып өтілетін айтулы күнге орай «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы арнайы дөңгелек үстел өткізді. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер қатысқан басқосуда сапа менеджменті талқыланды. Әлеуметтік қызмет көрсету саласында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған мемлекеттік стандарттар түсіндірілді.

Сәкен Бейсеев, «ҚазСтИн» РМК Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры: «Қазір заңмен қауіпсіздікті мемлекет өз мойнына алып отыр. Ал сапаны нарыққа тастады. Ол дегеніміз егерде біз сапалы тауар сатып алсақ, біз міндетті түрде қайта сол тауарды алуға тырысамыз. Егер сапасыз болып шықса оны екінші рет алмаймыз. Нарыққа жүктелді дегеніміз осы».

Сапаны нарық анықтайды. Әрбір тұтынушы үшін сатып алған тауардың сапасы маңызды. Көңіліңізге қонбаса сол тауарды қайта алуға құлықсыз боласыз. Қарапайым тұтынушының да пікірі осындай.

Фериде Рамазанова дүкен сатушысы ретінде тұтынушыға қызмет көрсету сапасына мән беретіндігін айтады. Сатып алған азық — түлігіңіз сапасыз шықса дүкенге кері қайтаруға немесе ақшаңызды қайтарып алуға құқылысыз дейді ол.

Фериде Рамазанова, сатушы: «Біз әдетте тұтынушының қайтарған тауарының ақшасын береміз. Өйткені заң шеңберінде қызмет көрсету міндетіміз. Сонда сатып алушылрдың да қатары көбейеді».

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен басқосуда сапаны арттыру жүйесі талқыланып, стандарттаудағы жаңашылдықтар түсіндірілді. Халыққа қызмет көрсетуші кәсіпорындар өкілдері түйгенін ортаға тастады.

Сапа менеджменті. Тұтынушыға қызмет көрсететін қай сала болсын халықаралық стандарттарды жіті естен шығармау керек дейді ұйымдастырушылар.

Сәкен Бейсеев, «ҚазСТИн» РМК Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры: «Тағам қауіпсіздігі, кез -келген тауар қауіпсіздігінде сапа менеджментіне назар аудару қажет».

Жанар Есенбекова 

Exit mobile version