Úı ANONS Көксәйектегі колледж туризм саласына қажетті мамандарды даярлайтын болады

Көксәйектегі колледж туризм саласына қажетті мамандарды даярлайтын болады

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков жуырда Көксәйек көпсалалы-техникалық колледжінде болды. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан ғимаратының құрылысын және білімгерлерге арналған материалдық – оқыту базасын көрді.

Аталмыш колледж аудан аумағындағы ең үлкен оқу ордасы. Ауыл шаруашылығы мықты дамыған ауданда қажетті мамандық иелерін дайындайтын оқу орнында білім алуға ниетті жастардың да қарасы мол. 60 – жылдық тарихы бар көпсалалы-техникалық колледжде қазіргі таңда 741 бала білім алуда.

Ауыл шаруашылығы техникаларының тілін үйренетін жастар бүгінде аудан аумағындағы шаруа қожалықтарында табысты еңбек етіп жүр. Ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркəсіп саласында қызмет ететін кəсіби мамандар даярлайтын оқу мекемесі алдыңғы қатарлы заманауи оқу ордасына айналған. Қазіргі заманғы оқу құралдары, жаңа ғимараттар, материалдық техникалық базасы жаңғыртылып, білікті жас мамандарды жұмысқа тарту қарқынды жүргізіліп жатыр.

Колледж жұмысымен танысып шыққан аудан әкімі алдағы уақытта туризм мамандығын ашу қажеттігі туралы ұсынысын білдірді. Бүгінде осы мақсатта жұмыстар жүргізілуде.

А.Бейімбет

 

Exit mobile version