Көлік ұрлап, полицейдің жағасына жармасқан бұзақы қамауға алынды

196

Түрмеден жазасын өтеп шыққандар арасында қайта қылмыс жасау азаймай тұр. Шымкент қаласының тұрғыны, бас бостандығынан айыру жазасын жеңілдетіп, пробациялық қызметте есепте жүрген шымкенттік тұрғын бір емес, бірнеше қылмыс жасаған.

Жеңіл ақша табуды көздеген қылмыскер Жамбыл облысынан көлік ұрлап кеткен. Тараз қаласындағы сыбайласымен бірге бөтеннің ауласында тұрған көлікті ұрлап мінген. Тоқтатпақ болған тәртіп сақшыларынан қашып, полиция қызметкерлерінің құрығына іліккенімен қарсылық танытып, жағасына жармасқан. Алысып, тіпті полицейлердің киімін жыртуға дейін барған.

Ұсталғандарға ҚР ҚК – нің 380 бабы, үкімет өкіліне қатысты күш қолдану бойынша айып тағылып, қамауға алынды.

Жанар Есенбекова