«Шаян» халық театры «Домалақ ана» қойылымын сахналады

714

Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде «Шаян» халық театры «Домалақ ана» қойылымын сахналады. Мәдениет сарайында өткен «Домалақ ана» қойылымын көруге ауданымыздың барлық ауылдық округінен көрермендер жиналып, қойылым аяқталғаннан кейін жоғары деңгейде өткендігін өздерінің қошеметтерімен білдіріп, көрермендер тарапынан шоқ гүлдер ұсынып жатты.

«Жаугершілікпен жадап-жүдеп, шөл қысып келе жатқан сарбаздар. Сардары алдында. Ол-Бәйдібек. Барлығы ауыл шетіндегі құдыққа беттейді. Кенет шегенделген құдыққа аспаннан ақ желең желбіреп келіп, түсіп кетеді. Бір қарасаң желбіреген шүберек сияқты. Бір көрінісі ақ киінген адамға келеді. Оны көрген Бәйдібек құдық басына алдымен жетеді. Тереңге арқан тастайды. Шерхан Мұртазаның екі бөлімді драмасы желісінде жасалған «Домалақ ана» қойылымын «Шаян» халық театры сахналады. Бәйдібек би және Домалақ ана тарихына арналған қойылымда тәрбие, ана қадірі мен қасиеті сынды көптеген мәселелер де қозғалып, көпшілікке терең ой салды.

Қойылым аяқталғаннан кейін сахна мінберіне аудан әкімі Бақытбек Танагөзов шығып қойылым режиссері- Р.Сейітметов сазды-драма театрының директоры Ержан Исатаевқа естелік сыйлық пен аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі