Жолға таласып қоғамдық көлікке оқ атқан

203
Фото sputniknews.kz

Шымкент полиция департаменті қоғамдық автобусқа бұзақылардың неліктен оқ атқанын анықтады. Қарашаның 5-і күні «Алматы-Ташкент» тас жолында қоғамдық көлік пен БМВ жеңіл автокөлігінің жүргізушілері жолға  таласқан.

Жол бере қоймаған қоғамдық автобус жүргізушісіне ашуланған екінші тарап пневматикалық қарудан автобусқа оқ атқан. Автобустың оң жақ әйнегіне тиген оқ тесіп өтпепті.

«Жәберленушілер жоқ. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Қазір аталған жәйт бойынша ҚР ҚК – нің 293 бабы бойынша тергеп, тексеру амалдары жүріп жатыр» деп хабарлайды Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова.

Жанар Есенбекова